Ханчжоудағы ХІХ Жазғы Азия ойындарының бір апталық жарыс кестесі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ханчжоудағы ХІХ Жазғы Азия ойындарының бір апталық жарыс кестесі белгілі болды

20.09.2023
Ханчжоудағы ХІХ Жазғы Азия ойындарының бір апталық жарыс кестесі белгілі болды

Осы аптада Қытайдағы құрлықтық додада академиялық ескек есу, жағажай волейболы, волейбол, үстел теннисі, оқ ату, дзюдо, бокс және спорттық гимнастикадан іріктеу сайыстары өтеді.

Жарыстар «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен, «Qazaqstan tv» мобильді қосымшасынан және жарыстардың бір уақытқа қатар келуіне байланысты кейбір трансляциялардың түпнұсқасы qazaqstan.tv мен qazsporttv.kz сайтында көрсетіледі.

Ханчжоу қаласындағы ХІХ Жазғы Азия ойындарында 16 комментатор қызмет етеді. Эфирде қазақ тілінде Есей Жеңісұлы, Ғалым Сүлейменов, Уәлихан Қосанбай, Ерсін Ерікұлы, Лилиана Әлжанова, Азат Смағұлов, Олжас Байбосынов, Ермұхамед Мәулен, орыс тілінде Тимур Сүлейменов, Эльдар Аманбаев, Александр Олейник, Дмитрий Нестеренко, Ербол Қайыров, Дидар Қадыров, Әділет Құсайынов және Исатай Мәдиев комментаторлық етеді.

Ханчжоудан тікелей хабар тарату үшін «Қазақстан» телеарадиокорпорациясының шығармашылық тобы бүгін Қытайға шықты.

23 қыркүйектен бастап 8 қазанға дейін әр жарыс күні «Qazsport» арнасының тікелей эфирінен шығатын «Ханчжоу-2022» студиялық бағдарламасында және «Qazaqstan» арнасының күн сайынғы тікелей эфирдегі «1001 түн», «Aqparat», «Apta» бағдарламаларында қорытындыланады.

ХІХ Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты 23 қыркүйек күні 17:55-те тікелей эфирде көрсетіледі.








Азия ойындары ХІХ Жазғы Азия ойындары

Хабарламаларға жазылу