Астанада жазушы Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жазушы Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының тұсаукесері өтті

19.09.2023

Елордада жазушы, журналист Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының тұсаукесері өтті. Автор Қазақстанның социализм дәуіріндегі кезеңінен бастап, бүгінгі дейінгі тарихын басты кейіпкер Әбужан Райысовтың өмірі мен тағдыры арқылы суреттейді. Шығарма туған жерге деген махаббат пен патриотизмді бейнелейді.

Шархан Қазығұл, жазушы, журналист:

Қазіргі оқырманның талғамына сай қысқа форматта жазылды. Халықаралық форматта жазылды деп айтуға болады. Сюжеттік құрылымы болсын, тілі болсын, стильі болсын оқырманға жеңіл болсын деп қарастырып жаздым.


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу