Смағұл Елубайдың  70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Смағұл Елубайдың  70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

26.06.2017

«Тұғыры биік тұлға». Осындай атпен белгілі жазушы,  кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубайдың 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті. Кездесу барысында Смағұл Елубайдың «Bengu» баспасынан шыққан түрік тіліндегі  «Ақ боз үй» романының және ағылшын тіліне аударылған Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» кітаптары оқырмандарға таныстырылды. Жазушының ұшқыр қиялынан туындаған «Ақ боз үй» романы - өз оқырмандарын тапқан, халықтың көңілінен шыққан сүбелі еңбектерінің бірі.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу