Президент Нью-Йоркқа жұмыс сапарының екінші күнінде бірқатар кездесулер өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Нью-Йоркқа жұмыс сапарының екінші күнінде бірқатар кездесулер өткізді

19.09.2023

Мемлекет басшысы Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарының екінші күнінде бірқатар кездесулер өткізді. Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев Словения президенті Наташа Пирц-Мусармен келіссөздер жүргізді. Мұнан соң Иран президенті Ибрахим Раисимен кездесті. Сондай-ақ, Финляндия президенті Саули Ниинистёмен және Эстония президенті Алар Кариспен келіссөз жүргізді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Біріккен ұлттар ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымының жан-жақты ынтымақтастығының басым бағыттарын, сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-қатерлерін талқылады.

Антониу Гутерриш Қазақстан Президентіне ілтипат білдіре отырып, екіжақты серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, Президент Amazon корпорациясының вице-президенті Сьюзан Пойнтермен кездесті. Мемлекет басшысы осы сапарында GE Healthcare компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша президенті Роб Уолтонды да қабылдады. Барлық кездесуде тараптар арасында сан түрлі бағытта және инфестициялық жобалар бойынша келісімдерге қол қойылды.     


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу