Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Шаймарданов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов таныстырды. Жандос Шаймарданов 2022 жылдың ақпан айынан бастап аталған агенттіктің құрамына кіретін Ұлттық статистика бюросын басқарып келген болатын.