Қайрат Келімбетов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды

14.09.2020

Бүгін Президент Жарлығымен Қайрат Келімбетов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Осыған дейін ол «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы болған еді. 

Сондай-ақ, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып Серік Жұманғарин тағайындалды. Бұл қызметке дейін ол Ұлттық экономика вице-министрі, өңірлік даму вице-министрі қызметтерін атқарып, Монополияға қарсы комитеттің өңірлік бөлімшелерін басқарған. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу