Шығыс Қазақстан облысында тыныс жолдарын химиялық күйік шалған науқастардың саны азаймай тұр. Бұрын өңірдегі тұрғындарға дәл осындай диагноз қойылса да соңғы жылдары ол денсаулық сақтау министрлігінің реестірнен шығып қалған. Осының кесірінен науқастар дұрыс емделмейді. Тіпті нақты диагноз болмағандықтан қате ем-дом жасаған жайттар да анықталған. Енді диагноздың бұл түрі қайтадан реестрге енетін болды.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Өскеменде өткізген отырыста белгілі болды. Көшпелі жиында облыстағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды. Жалпы өңірде денсаулық сақтау, құрылыс, метал өңдеу және экология саласында жемқорлық азаймай тұр.
Олжас Керейхан