Шығыс Қазақстан облысында 54 жылқыны ұрлады деген күдікпен Абай облысының тұрғыны ұсталды. Жылқысы жоғалған азамат әуелі өзі іздейді. Биелердің мойнындағы JPS трекердің ажыратылғанына көз жеткізген соң полицияға шағымданады. Құзырлы мамандар тікұшақ және дрон арқылы әуеден барлау жасап, күдіктіні ұстады. Күдікті бұрын сотталған 46 жастағы Абай облысының тұрғыны болып шықты. Полицейлер оның үйін тінту кезінде оның мал қорасынан заттай айғақтарды тәркіледі. Мал иесіне 43 миллион теңгенің залалы келген. Қазір мал ұрлығы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Олжас Керейхан