Сенатор Қайрат Тастекеев шетелдік сериалдарды шектеуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатор Қайрат Тастекеев шетелдік сериалдарды шектеуді ұсынды

14.09.2023

Сенатор Қайрат Тастекеев еліміздің экрандарында шетелдік сериалдардың көрсетілуін шектеуді ұсынды. Палата отырысында сауал жолдаған депутаттың айтуынша, мұндай қадам ұлттық бірегейлікті нығайтуға және дәстүрлі құндылықтарды ілгерілетуге оң әсер етеді. Және отандық киноиндустрияның дамуына тың серпін береді.

Қайрат Тастекеев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Шетелдік телесериалды сатып алу үшін біз бюджеттен миллиондаған қаражат жұмсайтынымыз анық. Егер де осы бюджетте жұмсалатын қаражатты елімізде қалдыратын болсақ отандық мамандарды қолдау үшін бірнеше мәселені шешуге болатын еді.


Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу