Қостанай облысында киіктер егіс алқаптары мен жайылымды таптап, ақ тақырға айналдырып жатыр. Әсіресе Наурызым, Қамысты, Амангелді, Жангелдин аудандарының шаруалары қатты зардап шеккен. Аймақта астықтың шығымы онсыз да төмен. Диқандар гектарына 8 центнерден өнім алса соны қанағат тұтады. Ал киіктер егінге түсіп жайылатындықтан бұл көрсеткіш былтыр 2-3 центнерге дейін азайған. Диқандар «уақыт пен қаржымыз егістікті киіктен қорумен өтіп жатыр» деп налиды.
Ерден Сейітжанов, шаруа:
Егінімізде 5-10 мыңға дейін киік жүрді биыл. Нақ егін өсіп жатқан уақытта. 30 пайызға дейін шығын болды. Себебі киік аунайды, жейді, тұяғымен таптайды. Көбейік кеткендігінен зардап шегіп отырмыз.
Дәуренбек Әбдібек