Таулы Қарабаққа Әзербайжан арқылы гуманитарлық көмек жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таулы Қарабаққа Әзербайжан арқылы гуманитарлық көмек жетті

13.09.2023

Таулы Қарабаққа 35 жылдан бері алғаш рет Әзербайжан арқылы гуманитарлық көмек жетті. Бұл жәрдемді Қызыл Крест ұйымының ресейлік бөлімшесі апарған. Әзербайжан Қарабақтың басым бөлігі мен оның айналасындағы аудандарды 2020 жылғы соғыста қайтарған. Ал өткен жылы Баку қару өткізбеу үшін Қарабақты блокадаға алды. Содан бері 120 мыңдай армян азық-түлік, дәрі-дәрмек пен отынға зәру болып отыр. Кей сарапшылардың ойынша, Әзербайжан Қарабақ пен Армения арасындағы жалғыз жолды жауып, оған өз жері арқылы ғана жүк жөнелтіп, анклавты қарамағына толық алуды көздейді.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу