Мароккода жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2860-тан асып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мароккода жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2860-тан асып кетті

12.09.2023

Мароккода жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2860-тан асып кетті. Тағы 2,5 мыңдайы жараланған. Ал жоғалып кеткендер қанша екені әлі белгісіз. Бұл елде қуаты 6,8 баллдық зілзала жұма күні болды. Одан Атлас тауларының бөктерінде орналасқан елдімекендер мен тарихи шаһар Марракеш ең көп зардап шекті. Кейбір ауылдар түгелдей жермен-жексен болған. Марокко төрт мемлекеттен – Испания, Катар, Британия және Араб Әмірліктерінен ғана көмек қабылдаған. Жергілікті үкімет мұндай шешімнің себебін шетелден жететін жәрдемді үйлестіруге толық дайын еместігімен байланыстырады.   


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу