Елдегі шекара қызметкерлеріне медициналық жәрдем көрсету үшін бөлімшелерді замануи жабдықтармен қамтамасыз ету керек.
Бұл жайында ТМД мемлекеттері шекаралық ведомстволарының әскери-медициналық құрылымдары бас қосқан жиында айтылды. Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстаннан келген делегация бірқатар мәселені ортаға салды. Сондай-ақ облыс орталықтарынан шалғай орналасқан шекара қызметкерлері мен олардың отбасы үшін медициналық бөлімшелерді жаңалап, құрал-жабдықпен қамту жолдарын іздеді.
Махаббат Балтабаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі әскери медицина басқармасының бастығы:
Нанотехноголия дейді, телемедицина дейді, соны әскери медицина саласына енгізу керек. Әскери медицина саласын нығайту, одан кейін дәрежесін көтеріп, екі жылдың ішінде нығайту керек.
Әйгерім Ердәулет
