Ақмола облысында диқандарға қосымша жанар-жағармай бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында диқандарға қосымша жанар-жағармай бөлінеді

11.09.2023

Ақмола облысында екі аптадан бері толассыз жауған жаңбырдан егін орағы тоқтап тұр. Күні бүгінге дейін аграрлы аймақта 5 млн гектардан астам алқапқа егілген астықтың 17 пайызы ғана жиналған. Шаруалар күн ашылмаса, егін орағы созылып, өнімнің сапасы төмендеп, шығынға батамыз деп алаңдайды.

Ауа-райының қолайсыздығынан зардап шеккен диқандарға астықты кептіру үшін қосымша дизель отыны бөлінеді. Бұдан бөлек, астық қабылдау орындары тәулік бойы жұмыс істеп, тасымалдаушылардың қызметі қатаң бақылауға алынбақ.


Хабарламаларға жазылу