АӘК алған отбасылар кедейліктен құтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АӘК алған отбасылар кедейліктен құтылды

11.09.2023

Атаулы әлеуметтік көмек алған 100 мыңнын аса отбасы кедейлік шегінен құтылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ай сайынғы жәрдемақыдан бөлек, олар жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға грант беріліп, біліктілікті арттыру курстарына жіберілген. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ең көбі - Түркістан облысында. 25 мыңнан аса отбасы. Одан кейін Шымкент қаласы мен Қызылорда облысы тұр. Тиісті жәрдемақы - табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын отбасыларға беріледі.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу