Қызылорда облысында бір үйдің екі баласы газдан уланып, көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында бір үйдің екі баласы газдан уланып, көз жұмды

11.09.2023

Қызылорда облысы, Шиелі ауданында бір үйдің екі баласы газдан уланып, көз жұмды. Оқыс жағдай бүгін таңертең болған.

Әділбек Серікұлы, тілші.

Өкінішке қарай, табиғи газдан уланған балақайлар жедел жәрдем келгенге дейін ажал құшқан. Қайтыс болған балалардың бірінің жасы үште, екіншісі алтыда. Жалпы балалармен бірге үйде 24 жастағы анасы да болған. Ол таңғы 5-терге таман газдың иісін бірінші болып сезіп, әлсіреген күйде жедел жәрдемге қоңырау шалған. Белгілісі, жалғыз басты келіншек біреудің ауласындағы бір бөлмелік үйді жалға алып отырған. Қазір полиция аталған дерекке қатысты іс қозғап, тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Ал аудандық төтенше жайдайлар бөлімі мамандары газ плитасының көздері ашық қалған болуы мүмкін деген болжам айтуда. Осы қайғылы оқиға бойынша комиссия құрылып, себеп-салдарын анықтауға кірісті.


Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу