Астанада жыл басынан қоғамдық тәртіпті бұзудың 10 мыңдай дерегі тіркелген. Олар бейнебақылау камерасының көмегімен ұсталып жатыр. Шаһар әкімі Жеңіс Қасымбек, вандализм жеке мәдениет пен тәрбиенің деңгейін көрсетеді деді. Мемлекеттің мүлкін қиратып, бүлдіріп, сындырып жатқандарды анықтау мақсатында бейнебақылау камераларын көбейтіп жатқанын жеткізді. Ал қоғамдық тәртіпті бұзғандарға 20 айлық есептік көрсеткіш яғни, 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Немесе, 10 күнге дейін қамауға алынады.
Самал Қабышева