Батыс Қазақстан облысында туризм саласында құны 8,6 млрд теңге болатын бес жоба іске асырылып жатыр. Соңғы жылдары еліміздің батыс қақпасы - Орал қаласына келушілердің саны екі есеге ұлғайған. Жыл сайын тек орталық саябаққа келіп демалушылардың саны миллионға жуықтайды.
Былтыр облысқа 100 мыңнан астам турист келген. Қалада 84 қонақүй, 2 театр, 7 кинотеатр бар. 400-ге жуық мейрамхана мен дәмхана, 117 сауда ойын-сауық орталығы жұмыс істейді. Оралдан 500 шақырым қашықтағы Бөкей ордасы ауданында Хан ордасы визит орталығы салынып жатыр. Шыңғырлау, Тасқала аудандарының көрікті жерлері де туристік жорық картасына енгізілген.
Миржан Сатқанов, Орал қаласының әкімі:
Биылдың өзінде онға жуық кішігірім скверді істейтін болсақ, алдағы 3-5 жыл ішінде қаланың барлық жеріне демалыс орнын істеуге мүмкіндік бар.
Ардақ Мұратқызы