Солтүстік Корея алғаш рет тактикалық ядролық қарумен шабуыл жасайтын сүңгуір қайықты таныстырды. Ол Корей түбегі мен Жапония арасында патруль жүргізеді. Субмаринді теңізге жіберу рәсіміне мемлекет басшысы Ким Чен Ын мен биліктің өзге де жоғары лауазымды өкілдері қатысты. Қайықтың қандай ракетамен жабдықталатыны әзірге белгісіз. Пхеньян баллистикалық және қанатты зымырандар ұшыратын сүңгуір қайықтарды осыған дейін де бірнеше рет сынаған.
Арыстан Рысбек