Петропавлда су құбырлары мен кәріз жүйесінің 60 пайыздан астамы тозған. Ескірген желілер жиі сыр береді. Қаланы сумен қамтып отырған компания есебінен 300 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұған 3 шақырым су желісі және 2 шақырым кәріз құбыры жаңаланып, құдық, өрт гидранттары сынды нысандар күрделі жөнделмек.
Арман Сауытов, коммуналдық компанияның атқарушы директоры:
Ескі көпқабатты үйлердің құбыры жиі жарылады. Өйткені 40-50 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Бірінші кезекте ескі ғимараттардың желісін жаңартамыз. Басты мақсат – тозу көрсеткішін төмендету.
Эльмира Кәленова