Албания президенті ресми сапармен келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Албания президенті ресми сапармен келді

07.09.2023

Елімізге Албания Президенті Байрам Бегай ресми сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алыстан келген әріптесін Ақордада салтанатты түрде қарсы алды.

Қос елдің әнұрандары шырқалып, Президенттер бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырған соң тараптар шағын құрамда келіссөз өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруды қабыл алып, Астанаға келген Албания президентіне алғыс айтты. Биыл екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл. «Сіздің сапарыңыздың осы айтулы датамен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар», - деді Президент. Ал Байрам Бегай қонақжайлық көрсеткені үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдіріп, Албанияға шақырды.


Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу