Педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір заң жобасы әзірленіп жатыр. Құжат жақында Үкіметке қорытындыға жіберіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты. Маңызды заң нормаларының қатарында буллинг мәселесіне сұранысты қатайту, балаларды жасатайынан құмар ойындарға тәрбиелейтін: букмекерлік кеңселер мен лотоматтарға шектеу қою жайы бар.
Құжат Президенттің халыққа Жолдауында балалардың құқығын қорғау бойынша көтерілген бастамалар аясында әзірленген.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Аmanat» фракциясының мүшесі:
Педофилдердің өмір бойы қамалу мәселесі бар. Бұдан басқа, оларды тиісті стерилизациядан өткізу. Қазір кейбірі өтеді кейбірі өтпейді. Бірақ, бұның алдында қамалғандар енді сол қамау жерлерінен жығатын болса, оларды міндетті түрде стерилизациядан өткізу мәселесін қарау керек деп санаймыз.