Ең төменгі жалақының өсуі 1 млн 800 мың қазақстандықтың табысына оң әсер етеді. Яғни, келесі жылдан бастап жекеменшік нысанда қызмет ететін барлық жұмысшылардың жалақысы өседі. Оның ішінде 350 мың адам - бюджеттік қызметкер екен. Жұмыс берушілер алдымен ең төменгі жалақы алып отырғандардың табысын өсіріп, артынша басқа да қызметкерлердің еңбекақысын қайта қарауы тиіс. Қазір ең төменгі жалақы мөлшері - 70 мың теңге. Келесі жылы 85 мыңға өседі. Алдағы үш жылда оның мөлшері тағы 2 есе ұлғаяды.