Болгарияда алапат су тасқыны болып, екі адам қаза тапты. Осыған байланысты Қара теңіз жағалауындағы Царево аймағында төтенше жағдай жарияланды. 60 шақты тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.
Елдің Ұлттық Метеорология және Гидрология институтының хабарлауынша, бұл ауданға түскен жауынның мөлшері айлық климаттық нормадан 420 пайызға асып кеткен.
Арыстан Рысбек