Венециядағы су тасқынынан 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венециядағы су тасқынынан 2 адам қаза тапты

13.11.2019

Италияның көне қалаларының бірі – Венецияны тасқын жайлады. Соңғы мәліметтер бойынша, одан екі адам қаза тапты. Толассыз жауыннан су деңгейі 1,5 метрден асып, рекордтық көрсеткішке жеткен. Бұл – 1966 жылдан бері екінші рет тіркелген жағдай. Соның салдарынан, қала орталығындағы Әулие Марк алаңы мен көне ғимараттарды су басты. Апатқа байланысты, жергілікті билік мектептерді жауып, төтенше жағдай жариялайтынын ескертіп отыр.

Дегенмен, бұған туристер аса алаңдап жүрген жоқ. Олар аяқтарына резеңке етік киіп, тарихи жерлерді емін-еркін аралауда. Тіпті, су басқан ауданда жүзіп жүргендер де табылған. Ал, жергілікті тұрғындар болса, су деңгейі көтерілген сайын, үйлерінің зардап шегетініне қынжылып отыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу