Алматы облысының климаттық жағдайы мен мегаполиске жақын орналасуы инвестор тартуға зор мүмкіндік береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына сапары аясында осылай деді. Ол ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің көрмесіне барды. Көрмеге ет, құс, сүт, балық өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының және көкөніс, жеміс өңдеушілердің тауарлары қойылды. «Ауыл шаруашылығы өндірісіне жаңа технологияларды енгізу, экологиялық таза өнім шығару маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Данияр Қайыртай