Алматыда атыс болып, екі адам жарақат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда атыс болып, екі адам жарақат алды

05.09.2023

Өткен түні Алматыда атыс болып, екі адам жарақат алды. Олардың жағдайы әзірге белгісіз. Полицияның дерегінше, оқыс оқиға қаладағы демалыс орындарының бірінде болған. Қазір тиісті тергеу амалдары жүріп жатыр.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

Қазіргі таңда аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Күдіктілердің бірі қамауға алынды. Қалған қатысушылар анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу