Үндістан Күнге зымыран ұшырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістан Күнге зымыран ұшырды

04.09.2023

Жуырда ғана Айға ғарыш кемесін қондырған Үндістан енді Күнге зымыран ұшырды. Мұны елдің Ғарышты зерттеу ұйымы хабарлап отыр. Ракетаның «Адитья» атты ровермен көкке самғаған сәті тікелей эфирден көрсетілді. Бұл айтулы оқиғаны жүздеген мың адам тамашалаған. «Рейтер» агенттігінің дерегінше, миссияның мақсаты – Күндегі желді зерттеу. Айта кетсек, өткен айда Ресей ұшырған «Луна-25» ғарыш кемесі жоғалып кеткен еді. Үндістан Айдың оң полюсіне зондты сәтті жеткізген алғашқы мемлекет атанды.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу