Германияда 4 күндік жұмыс аптасы сынақтан өткізіле бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда 4 күндік жұмыс аптасы сынақтан өткізіле бастайды

04.09.2023

Германияда 4 күндік жұмыс аптасы сынақтан өткізіле бастайды. Қыркүйектен бастап енгізілген жаңа жүйедегі тәжірибеге 50-ден астам компания таңдалады. Олар 2024 жылдың ақпан айына дейін жаңа режимде жұмыс істеуі керек. Кәсіпорындардағы жұмыстың ауқымы әртүрлі. Бірақ қызметкерлердің жалақысы қысқармайды. Мұндай сынақ осыған дейін Ұлыбританияда өткізілген. Оның нәтижесіне қарағанда, аптасына төрт күн жұмыс істеген адамдардың денсаулығы жақсарып, өмірге ризашылығы арта түскен. Ал табысы көбейген 10 фирманың тоғызы бұл моделді әрі қарай жалғастыруды жөн көріпті. 


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу