Жолдауда маңызды бастамалар айтылды - Ерлан Қарин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдауда маңызды бастамалар айтылды - Ерлан Қарин

01.09.2023

Қоғамның қызу талқысына түскен атом электр станциясын салу мәселесін республикалық референдумға шығару туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысына ерекше назар аудару қажет. Бұл Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» және «Әділетті Қазақстан» принциптерін берік ұстанып отырғанын көрсетеді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram арнасына осылай деп жазды. Биылғы Жолдаудың мәні мен мазмұны Президент реформаларының логикасына толықтай сәйкес келеді дейді.

«Жолдауда Қазақстан экономикасын дамытудың алдағы стратегиясы белгіленді. Бұдан бөлек Президент бастамалары экономиканың бірқатар саласының жаңа ережелерін ұсынып отыр. Соның арқасында атқарушы билік жүйесі, орталық пен өңірлер арасындағы қарым-қатынас өзгереді. Жаңа Жолдау экономикалық мәселелерді шешуге бағытталса да, онда әлеуметтік сипаттағы маңызды бастамалар бар», - деп жазды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу