Құқық қорғау мекемелері мен аймақ басшылары қоғамдық тәртіпті сақтай алмай отыр. Осылай деген Президент тиісті органдардың жұмысын сынға алды. «Заң және тәртіп, өзара түсіністік, тілектестік пен жауапкершілік бәрінен биік тұратын тиімді мемлекет боламыз. Қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген арандатушылық әрекетке қатаң тосқауыл қою қажет, деді Мемлекет басшысы. Мысалы, даладағы, көшедегі вандализм, кейбір азаматтарымыздың тәртіпсіздігі, мәдениетсіздігі, неше түрлі тұрмыстық жанжалдар еліміздің халықаралық аренадағы абыройына нұқсан келтіретін болды.
Дарын Сағитов