Астанада электр энергиясын жеткізу шарттары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада электр энергиясын жеткізу шарттары талқыланды

28.08.2023

Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан күзгі-қысқы кезеңде электр энергиясын өзара келісімге сай жеткізеді. Үш елдің өкілдері Астанада бас қосып, бірлесе жұмыс істеудің тетіктерін талқылады. Кездесу барысында бірқатар келісімге қол жеткізіп, тиісті шарттары анықталды. Қатысушылар бұрын қабылданған міндеттемелерді орындауға бейілділігін де растады. Су және энергетика ведомстволары өкілдерінің келесі кездесуі Бішкекте өтеді. 


Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу