Венесуэладағы дағдарыс кітап дүкендеріне де әсер етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэладағы дағдарыс кітап дүкендеріне де әсер етті

25.08.2023

Венесуэлада кітап дүкендері мен баспагерлер үшін ахуал қиындады. Бұған ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс пен инфляция себеп. Он жыл бұрын кітап сатушылар мен баспагерлер гильдиясында 110 мүше болса, бүгінде олар 25-ке қысқарды. Жаңа кітаптар жарыққа шықпағалы көп болған. Үкіметтен оқулықтарды басып шығаруға 2018 жылдан бері тапсырыс беру тоқтады. Дүкен сөрелерінде бұрын қолданыста болған кітаптар саудаға қойылды. Сатып алушылар да күрт азайған.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу