Әлемдік қор биржаларының құлдырауы теңгеге де әсер етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдік қор биржаларының құлдырауы теңгеге де әсер етті

13.03.2020

Елорда мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде АҚШ валютасы 408-412 теңге аралығында саудаланып жатыр. Кейбір ақша айырбастау пунктерінде доллар мүлдем жоқ. Сондай-ақ еуро мен Ресей рублі де сатылмай жатыр. Қазақстан қор биржасындағы доллар құны да өсіп барады. Таңғы сессия бойынша Америка валютасы 405,05 теңгеге жетіп, кешегі саудамен салыстырғанда 5 теңгеге қымбаттады. Ал Ұлттық банк 13 наурызға доллар бағамын 399, 24 теңге деп белгілеген.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу