Түркістан мен Кентау қалаларының бұрынғы әкімі Рашид Аюпов 10 жылға сотталды. Астана соты осындай үкім шығарды. Сондай-ақ, 7 жыл мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Аюпов ірі көлемде пара алды деп айыпталған еді. Ол заңсыз иеленген 422 млн 800 мың теңге мемлекет пайдасына өндірілмек.