Елордада мұғалімдерге арналған форум өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада мұғалімдерге арналған форум өтіп жатыр

25.08.2023

Елордада ауыл мұғалімдеріне арналған республикалық форум өтіп жатыр. Ауқымды шараға 200-ге жуық ұстаз келген. Қазақстандық білім беру жүйесін меңгеру үшін әзербайжандық делегация да қатысып отыр. Форум барысында кәсібилікті арттыруға арналған тақырыптық алаңдар жұмыс істейді. Атап айтқанда, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, эмоционалды интеллекті дамыту, мұғалім жұмысындағы зерттеулер сынды мәселелер.

Күләш Шәмшидинова, Білім беру жөніндегі жаһандық комиссияның Азия хабының комиссары:

Қазіргі оқу жылындағы үлкен міндет – цифрлық технологияларды білім саласында, оқу процесінде кеңінен пайдалану мәселесі. Міне сондықтан да қазір мысалы өзінің тәжірибесімен бөлісетін мұғалімдер арасында осы цифрлық технологияларды өзінің методикасында алай пайдаланады. Қалай оны кіріктіре алады деген мәселелер қарастырылады.

Төлеген Піржан, мұғалім:

Осындай республикалық форумға ауыл мектебінен келіп отырмын. Бұл форумның басты мақсаты – ауылдағы жас ұстаздардың, жас мамандардың беделін көтеру. Сондай-ақ республикалық көлемдегі түрлі тәжірибелермен бөлісіп, соны өз облысымызда тарату болып табылады. Бүгінгі форумда бүкіл республиканың ауылдан келген жас мамандары кездесеміз. Алдағы уақытта жас мамандар кездесіп, байланыста боламыз.


Хабарламаларға жазылу