Мәскеу НАТО-дағы миссиясының қызметін тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу НАТО-дағы миссиясының қызметін тоқтатты

19.10.2021

Ресей НАТО-дағы өзінің тұрақты дипломатиялық өкілдігінің жұмысын тоқтатты. Сонымен бірге, солтүстік атлантикалық альянстың Мәскеудегі әскери миссиясының қызметін доғарды. Кремльдің әрекетіне қазанның басында НАТО-ның 10 ресейлік дипломатты қысқартуы себеп болған.

Олардың сегізін әскери одақ Ресей барлау қызметінің мүшелері деп айыптады. НАТО өкілдері Мәскеудің бұл қадамына өкініш білдіріп, диалогқа дайын екенін жеткізді. Мұнан бөлек солтүстік атлантикалық альянс Ресейдің агрессивті әрекетіне қарсы қорғанысты арттырғанын мәлімдеді.

Айта кетері - НАТО мен Ресей арасындағы қарым-қатынас Мәскеу 2014 жылы Қырымды аннексиялаған соң шиеленісті. 


Хабарламаларға жазылу