Алматыдағы демалыс орындарына жыл басынан бері 450 мың адам келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы демалыс орындарына жыл басынан бері 450 мың адам келген

24.08.2023

Алматыда тұрғындар мен қала қонақтары үшін демалатын орындар саны артып келеді. Өйткені сұраныс көп. Биылғы жылдың алғашқы үш айында өзге өңірлер мен шет елден келушілер екі есе артып, 450 мыңға жетті. Әкімдіктің мәліметінше, жыл басынан бері шағын асханаларды есепке алмағанда 30 шақты дәмхана мен мейрамхана ашылған. Сондай-ақ демалушылар үшін тауда кемпинг аймақтар көптеп ашылып жатыр. Онда шатырлар, ұлттық нақыштағы алтыбақандар мен өзге де демалуға қолайлы жабдықтар жеткілікті. Қала халқы мен қонақтардың демалысынан түскен қаражат жергілікті қазынаны да қампайтып жатыр. Демалыс орындарынан небәрі үш айда 13,4 миллиард теңгеге жуық салық түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 45 пайызға көп.

Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу