Алматыдағы кей екпе орындарында «Спутник V» вакцинасы таусылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы кей екпе орындарында «Спутник V» вакцинасы таусылды

04.10.2021

Алматыдағы кей мекемелерде «Спутник V» вакцинасы таусылды. Дегенмен, өзге пункттерде екпенің бұл түрі артығымен болғандықтан, тапшылық байқалған орындарға санитарлық талаптарды сақтай отыра жеткізілуде. Мамандар бұған дейін вакцинамен қамту жоспарға сай жүргізілгенін айтты. Бірақ, оның көлемі медициналық ұйымдар мен екпе орындарына сұранысқа сай бөлінген. Енді желтоқсан айында 50 мың доза жеткізіледі деп күтілуде. Айта кетейік, мегаполисте соңғы тәулікте 2 мыңға жуық адам екпе алды. Науқан басталғаннан бері 957 мыңға жуық тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 878 мыңдай адам екінші компонентін алған. Қазір қала бойынша 149 пункт жұмыс істеп тұр.

Эльвира Ибрагимова, Қалалық орталық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары

20 мекемеде бұл вакцина таусылды. Бірақ, мәселе уақытында шешімін тапты. Келушілерді жақын маңдағы екпе орындарына жібердік. Жергілікті мекен-жайдағы вакциналау пунктінде екпе болмаса, тұрғындар кез келген мекемеден қызмет алуына болады


Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу