Жапония «Фукусима» атом электр станциясындағы суды Тынық мұхитына төге бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония «Фукусима» атом электр станциясындағы суды Тынық мұхитына төге бастады

24.08.2023

Жапония бүгін «Фукусима» атом электр станциясындағы суды Тынық мұхитқа төге бастады. 17 күн ішінде резервуарлардан 7800 тонна су шығару жоспарланған. Алдымен сұйықтық радиоактивті қалдықтардан тазартылды. Ал оның құрамында қалған тритий мөлшері қауіпсіздік стандарттарына сай келеді. Тонналаған су 2011 жылғы зілзала кезінде станцияда болған апаттан кейін реакторларды суыту үшін пайдаланылған еді. Резервуарларда 1 млн 340 мың тонна су жиналып қалған. Енді ол ұзындығы 1 шақырым болатын жерасты туннелі арқылы мұхитқа біртіндеп төгіледі. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу