Аргентинада ұрлық өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада ұрлық өршіп тұр

23.08.2023

Аргентинада ұрлық өршіп тұр. Елдің Кордоба және Мендоза проивинцияларында дүкендерге шабуыл жасады деген күдікпен 30 адам тұтқындалды. Аргентина қазір ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Мұнда жылдық инфляция деңгейі 113 пайызға жетіп, халықтың 40 пайыздан астамы кедейшілікке тап болған. Айта кетсек, 2001 жылы желтоқсандағы жаппай экономикалық, әлеуметтік және саяси дағдарыстан, бұл елде мародерлік белең алды. Мұндай жағдай 1989 жылы гиперинфляция кезінде де байқалған болатын. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу