Алматыдағы жекешелендірілген жатақханалар тексеріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы жекешелендірілген жатақханалар тексеріліп жатыр

23.08.2023

Алматыда заңсыз жекешелендірілген жатақханаларды қайтару жұмыстары қолға алынды. Бұл туралы студенттерді жатын орынмен қамту жайын арнайы көруге келген Мәжіліс депутаты Ирина Смирова айтты. Жатақханада орын тапшылығы алаңдатарлық жағдай дейді. Жауаптылар жаңасын салу тоқтамайтынын жеткізді. Ал осы оқу жылында орын тапппағандарға оқу орнының жанындағы ахуалдық орталықтарға жүгінуге болады.

Айта кетейік, былтыр мегаполисте студенттерге орын тапшылығы 33 мың болса, биыл 10 мыңға азайған.

Ирина Смиронва, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жекешелендіру кезінде заңсыз жатақхана бөлмелерін алғандар бар. Қазір оқу орындары мен құзырлы органдар оларды қайтару бойынша жұмыс істеп жатыр. Бірақ бұл тез шешілетін шаруа емес. Әзірге жатақханаға сыймайған студенттер хостелдерге жайғасады. Оның ақысы 30 мыңнан басталып, 60 мың теңгеден аспауы керек. Онда тек қана студенттер тұрады. Басқа қонақтарды кіргізуге хостел иесінің құқығы жоқ.

Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу