Сарапшылар: Атом станциясынан қауіп жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар: Атом станциясынан қауіп жоқ

22.08.2023

Атом станциясынан қауіп жоқ. Энергетика саласының мамандары заманауи технологиялар қолданылса, апат болмайды деп сендіріп отыр. Әлем елдері түгел жаңа қуат көзіне ауысып жатқанда көштен қалуға болмайды дейді энергетиктер. Өйткені бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі.

Бауыржан Ибраев, Атом, энергетика және өндіріс ардагерлері кеңесінің төрағасы:

Жалғыз біз емес, қазір меніңше 30 мемлекет салайын деп жатыр Атом станциясын. Оның бәрінде осындай сұрақтар туып тұр. Бәрі де осындай қауіпсіздік жағын қарап жатыр. Сондықтан жасанды интеллект дейміз, технология дейміз. АСУТП дейміз. Цифровицация дейміз. Соның бәрі қазір ешқандай аварияға жол бермейді деп жатыр.

Алмаз Әбілдаев, сарапшы:

Энергетикалық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікке керек бұл. Одан кейін әр мемлекетте энергобаланста әр түрлі генерация түрі болған жақсы. Бізде 80 процент көмір. Көмірді білесіз лас қуат көзі деп сыналып жатыр.


Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу