Астана туристердің шаһарына айналуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана туристердің шаһарына айналуда

21.08.2023

Астана туристердің шаһарына айналуда. Бір ғана Бәйтерек монументін көруге күніне 3500-ден аса адам келуде. Мұндай халықтың легін ондағы мамандар бұрын-соңды көрмедік деп отыр. Ал бұл жерде саяхатшыларға қандай жағдай жасалған?

Самал Қабышева, тілші:

Астанаға келген жан міндетті түрде Бәйтерекке барып, оны көруге тырысады. Мына жандардың барлығы сол үшін тұр. Олар Бәйтерекке кіру үшін қазір кезектерін күтуде.
Міне, біз «Бәйтеректің» бірінші қабатындамыз. Гид мамандары қарсы алады. Ал мына жерде туристер үшін арнайы ақпарат беретін орын бар. Ал мұнда касса. Бұл жерден «Бәйтерекке» кіретін арнайы билетті сатып аласыздар. Ересектерге билет құны 2000 теңге. Балаларға 1000 теңге. Ал көпбалалалы аналарға билет құны тегін. Ал мына жерде Астананың көрікті жерлері жайлы ақпарат берілген. Ақпарат тегін түрде көрсетіледі ме?

Айнұр Жексенбаева, «Бәйтерек» туристік ақпарат орталығының маманы:

Туристерге қаламыздың көрнекті орындары, демалыс орындары жөнінде тегін ақпаратпен қамтамасыз етеміз.

Самал Қабышева, тілші:

Бәйтерек монументінде туристер үшін арнайы суретке түсетін орын да бар. Бұл жер қазақтың салт-дәстүрінен сыр шертеді. Дәл осы жерде қазақи нақышта суретке түсу үшін ұлттық киімдер де жалға беріледі. Міне, біз «Бәйтеректің» ең жоғарғы қабатына көтерілудеміз. 97 метр биіктікке біз бар болғаны 1 минуттың ішінде жететін боламыз.

Біз «Бәйтеректің» жоғарғы қабатына да шықтық. Бұл жерде халықтың қарасы өте қалың. Арнайы мүсіншеге қолдарын қойып, суретке түсіп жатыр. Ал бұл жерде туристерге қандай қызмет көрсетіледі? Қандай жағдай жасалған, мамандардан сұрап білсек.

Мәдина Түтінбаева, нұсқаушы:

Менің есімім Мәдина. Мен Гид болып жұмыс істеймін. Біз үш тілде экскурсия жүргіземіз. Биылғы жылы келушілер саны қалың ба? Әлде өткен жылы көп болды ма? Осы жылы келушілер өте көп. Күніне 3-4 мың адам келеді.

Самал Қабышева, тілші:

Бәйтерек монументінде туристер үшін шәй-сусын ішетін жер де қарастырылған. Бұл бір ғана Бәйтерек монументіндегі көрініс. Бұдан өзге Ханшатыр, Экспо қалашығы сынды Астананың өте көрікті жерлері өте көп. Қалада барлығы 229 қонақ үй, 68 ірі туристік нысан жұмыс істейді. 9 театр, 9 мұражай, 9 саябақ бар. Ал 2022 жылы Астана 6 млн адам әуе кемесі арқылы келген. Оның ішінде ішкі рейстермен 4 млн 300-ден аса адам, ал халықаралық рейстермен 1 млн 700-ге жуық адам қатынаған. Ал биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында әуе жолаушылар ағыны шамамен 3,3 млн. адамға жеткен.


Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу