Ақтауда МАЭК кәсіпорнындағы №3-энергоблок та іске қосылды. Сондықтан мұнай-газ кен орындары мен өндірістік мекемелерге электр қуатын берудегі шектеулер алынды.
3-энергоблокта генератор роторының байланыс сақиналары мен оқшаулағыш жеңі жөнделген. Сондай-ақ щеткалы-байланыс аппараты орнатылды. Энергоблок сенбі күні жұмыс істей бастады. Айта кетейін, комбинатты екі бірдей энергоблок істен шығып, электр қуатын өндіру көлемі азайып кеткен болатын. Сондықтан соңғы 1 аптада аймақта электр энергиясы шектеумен берілді. Ал 1-энергоблок өткен жұмада іске қосылды.
Аягөз Оралбайқызы