Канададағы орман өртіне байланысты мыңдаған адамға көшуге бұйрық берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канададағы орман өртіне байланысты мыңдаған адамға көшуге бұйрық берілді

21.08.2023

Канаданың Британдық Колумбия провинциясында 400-ге жуық орман өрті күннен-күнге өршіп барады. Сондықтан бұл аймақта 30 мың үйдің тұрғындарына дереу көшуге бұйрық берілді. Ал Келовна қаласында 136 мыңдай адамның жолға шығуына тыйым салынып отыр. Канада үшін биыл өрт ауқымы ұлғайған. Жыл басынан бері мұнда жасыл желектерді шарпыған оттың мыңнан астам ошағы анықталып, миллиондаған гектар орман алқабы күлге айналған. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу