Маңғыстаудағы Теңге және Рахат ауылдарының көшелерін су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудағы Теңге және Рахат ауылдарының көшелерін су басты

21.08.2023

Жаңаөзенде нөсер жауынның салдарынан Рахат пен Теңге ауылдарының көшелерін, үй аулаларын су басты. 

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Өткінші нөсер жауын кеше таңертең жауған. Нәтижесінде Рахат және Теңге ауылдарында бірнеше көшені су басты. Салдарынан Рахат ауылында 8 үйдің, Теңгеде 4 үйдің ауласына су кірген. Комуналдық қызмет пен өндірістік мекемелерден 12 су сору техникасымен, төтенше жағдайлар бөлімінің 5 мотопомпасымен суды шығару жұмыстары жүргізілді. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, су кешке қарай тартылған.


Хабарламаларға жазылу