Бала күтімі бойынша төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде жүзеге асып отыр. Мұны Президент былтыр Қазақстан халқына жолдауында жүктеген еді.
Үкіметтің дерегінше, 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен 107 200 жұмыс істемейтін ата-ана 20,9 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды. Ал мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 439 600 ата-ана 144,8 млрд теңге сомаға табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.
Асылбек Данияр