Малайзияда ұшақ құлап, 10 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзияда ұшақ құлап, 10 адам қаза тапты

18.08.2023

Малайзияның Селангон штатында ұшақ құлап, 10 адам қаза тапты. Мерт болғандардың сегізі – жолаушылар мен экипаж мүшелері. Сондай-ақ әуе кемесі құлаған аумақта болған мотоцикл мен автомобильдің жүргізушілері көз жұмды. Жекеменішік ұшақ қонуға екі минут қалғанда бірден төмен қарай құлдилай бастаған. Жергілікті полиция басшысы Хусейн Оман Ханның мәлімдеуінше, авиациялық апаттан ешкім тірі қалған жоқ. Қазір қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр. 


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу