Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері өседі. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды.
Енді шәкіртақы мөлшері мынандай: бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттарда 15 пайызға және техникалық және кәсіптік білім беру бойынша 50 пайызға көбейген. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында келесі айдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің жалақысы 30 пайызға өсетін болады.
Азамат Бейбітұлы